2013 жылғы 27 сәуірде мұражай-қорықтың этнографиялық кешенінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Өскемен қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясы, сондай-ақ «Бір шаңырақ астында» атты достық Форумы өтті. Сессияда ҚХА-ның «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен республикалық ХХ сессиясында мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.