
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағындағы «Ертегілер елі» атты Балалардың көрме-ойын кешенінде «Ғасырлар қойнауынан», «Бала қиялдарының әлемі» деп аталатың этнографиялық мол мазмұны айқын көрініс тапқан танымдық көрмелер орналасқан.
Кімде-кім мәдениет тарихы, әдебиет және өнерге кызығатын болса, ол адам көне түркілердің мифологиясынан мол қазына таба алады. Түркілер мифологиясының арғы тамырлары қола ғасыры, ертетемір замандарынан бастау алған. Қазақстан аймақтарында, Алтай аумағында көне мифологиялық сюжеттер тастағы суреттерде өрілген. Сонғы 20-30 жыл ішінде Шығыс Казақстанның көптеген көне ескерткіштері ашылып, зертеле түсті. Қазақстан петроглифтері», «Көне Алтайдың алтын әшекейлері», «Қазақстан атласы» сияқты жақсы безендірілген альбомдар да жарық көруде. Құпиясы мол, тылсым сырлары әлі жете ашылмаған көне аңыздар зерттеушілер назарына ілігіп, өнер қайраткерлерін де қызықтыра түсуде.