Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


«Жастар» саябағында «Шырақ жақ» акциясы өтті. 2015

70 лет ПобедыФото Алексея Мазницина

«Жастар» саябағы еске алу шырақтарымен безендірілді. Дәстүрлі «Шырақ жақ» акциясына 500-ден аса қала тұрғындары жиналды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында өз өмірлерін құрбан еткен біздің 7199

жерлестерімізді еске алу үшін  қала тұрғындары сонша шырақ жақты.

 

Мұражайлардың ерекше әлемі. 2015

Необычный мир музеевНеобычный мир музеев2015 жылғы 18-19 мамырда ғылыми-ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімі  №37 орта мектептің жоғарғы сыныптары үшін Мұражай күніне арналған іс-шара өткізді. Шарада әлемдегі ерекше мұражайлар: «Жын-шайтан мұражайы», «Тышқандар мұражайы», «Прәндіктер мұражайы» және т.б. мұражайлар қалай пайда болды және әлемдегі тұңғыш мұражай қалай аталды, қарапайым және ерекше жәдігерлер туралы әңгімеленді. Оқушылар  мұражай-қорықтың жәдігерлерімен танысты, интерактивті ойын және   мұражай-қорық бойынша экскурсия жүргізілді.

 

«Ардагерлерге деген қамқорлық» акциясы. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина2015 жылғы 30 сәуірде мұражай-қорық қызметкерлері: Ш.М. Кәрібаева және М.Д. Старкова «Ардагерлерге деген қамқорлық» атты Республикалық акцияға қатысты. Ұлы Отан соғысының 48 ардагерлері, облыстың 5 елді мекенінің: Герасимовка, Украинка селоларының, Ұлан ауданы, Новоявленка, Ахмер және Меновное кентінің тыл еңбеккерлері үшін Солжағалық кешен бойынша экскурсиясымен іс-шара ұйымдастырылды.

 

Мектеп тәлімгерлерінің сиқырлы қолдары. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаКөрмеге ШҚО мектептері мен колледждерінің технология пәні оқытушыларының бұйымдары ұсынылған. Көрмеге облыстың 20 білім ошақтарынан 30-дан астам ұстаз қатысады. Көрермендердің назарына ағашты ою, аппликация, кесте, ши өру, ұсақ маржанды өру, киіз басу, теріні көркем өңдеу және т.б. сәндік-қолданбалы өнер жанрында түрлі материалдардан жасалған 100-ден астам жұмыс ұсынылған.

Толығырақ...

 

Ағаш отырғызу күні. 2015

Фото корейский праздник «День посадки деревьев»Фото корейский праздник «День посадки деревьев»30 сәуірде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде корейлердің «Ағаш отырғызу күні» мерекесі өткізілді. Кореяда бұл мереке дәстүрлі түрде 5 сәуірде өткізіледі және қайтыс болған ата-бабаларын еске алуға арналады, бірақ Қазақстанның ауа-райы мерекені уақытында өткізуге келмейді.

 

Жеңіс көктемі. 2015

70-летию Победы в Великой Отечественной войне посвящается...Фото Алексея Мазницина

«Жеңіс көктемі» көрмесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Жерлесіміз, әуесқой суретші, соғыс ардагері Липат Петрович Семиннің шығармашылығы көрермендердің ауқымды аудиториясының назарына 40-дан астам кескіндемелік полотноларды екінші рет ұсынуда.

Суретші 1922 жылы Зырян ауданының Соловьево селосында дүниеге келген. Қаһарлы 1941-ші жылы 19 жасар жігіт өз еркімен майданға аттанды. Батыс, Оңтүстік, 4-ші Украин, 1-ші Прибалтика, Сталинград майдандарында барлаушы болды, жаяу әскер мен атты әскер құрамында соғысты, Қырымды, Белорусияны, Польшаны азат етуге қатысты. Соғысты Шығыс Пруссияда аяқтады. «Ерлігі үшін» медалімен және I дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды.

Толығырақ...

 

Мен және менің Президентім. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

«Мен және менің Президентім» көрмесі Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға арналған. Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау күні 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы әрі дана саясаткер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.

Толығырақ...

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... Құлпырған қолөнер. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2015 жылғы 10 сәуірде қолөнершілер бұйымдарының республикалық «Шебер» конкурсы жеңімпаздарының көрмесі ашылды, ол Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған болатын. Көрме Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық мұражай-қорығының М.Горький көшесі, 59 мекенжайда орналасқан ғимаратында өтіп жатыр.

Толығырақ...

 

Елбасы. Ұлт көшбасшысы. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина1 сәуірде  мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында сайлауалды үгітке арналған акция өтті. «Елбасы. Ұлт көшбасшысы» көрмесі Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға арналған. Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау күні 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы әрі дана саясаткер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.

Толығырақ...

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... 2015

550-летию становления казахской государственности посвящается...

Өскемен қаласының оқушылары көктемгі демалыс кезінде суретші Гүлнар Бекбердинованың «Отанға деген сүйспеншілікпен» атты көрмесін тамашалады.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... "Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан"-2015 акциясы

20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...550-летию становления казахской государственности посвящается...ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында 2015 жылғы 16 және 17 наурызда № 5 орта мектеп пен «Ульбиночка»  бала бақшасында «Наурыз Қазақстан мен Орта Азияда» деген лекция-көрме өткізді.

Толығырақ...

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... Қош келдің, Наурыз! 2015

20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...550-летию становления казахской государственности посвящается...Мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері 2015 жылғы 18 наурызда № 14 орта мектептің оқушылары үшін мұражай-қорық қорынан ұйымдастырылған «Қош келдің, Наурыз!» атты  виртуалды экскурсиясы бар жылжымалы көрме өткізді. Іс-шарада балалар ұлттық ойындар ойнап,  конкурстарға қатысты.

Толығырақ...

 
Еще статьи...


Страница 24 из 28

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …