ШҚО мәдениет басқармасы бастап, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен өткізілетін «Мәдени сенбілік» және әлеуметтік серіктестік аясында мұражай-қорық қызметкерлері 2012 жылғы 27 қарашада облыс денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығында іс-шаралар өткізді. Оған бұқаралық ақпарат құралдары: «Рудный Алтай», «Өскемен» газеттерінің, «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «31 арна», «Хабар» телеарналарының тілшілері шақырылды.