«Жастар» этнобағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығына кіретін нысандардың бірі болып табылады. Ол Киров, Қайсенов, Горький, Головков көшелері шекараларының аралығында орналасқан.
Жалпы алаңы – 4,8 га.
Төңкеріске дейінгі кезеңде «Жастар» этнобағы – бұл қаланың орталығы, онда қалалық базар, собор және Халық үйі орналасқан болатын
Базар алаңында сауда қызу жүретін, жексенбі күндері жан-жақтан шаруалар ауылшаруашылық өнімдерін әкелетін.
Покров соборы көпес Н.М.Михайлов пен басқа да қайырымды жандардың қаражаттарына 1888 жылы салынған. Ол тастан қаланған, бес күмбезді, аса әулие Құдайана жамылғысы, Иоанн Креститель (оң жақта), Николай Чудотворец (сол жақта) бөліктері бар үш престолды болған.
Халық үйі қалалықтардың, соның ішінде саяси жер аударылғандардың да берген садақаларына 1902 жылы салынған. Қаладағы осы бір алғашқы мәдени-ағарту мекемесінде кітапхана мен мұражай бөлмесі орналастырылды. Халық үйі мен Покров соборының ортасында Өскемен қазынашылығының ғимараты орын тепкен. Қазір ол – Жамбыл аиындағы драма театрының костюмерлігі.