• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Рабиндранат Тагор кеуіті

Үндістанның басқа елдермен мәдени дипломатия орнатып, интеллектуалдық алмасу жасауында тамаша құрал болып табылатын Мәдени баланыстар жөніндегі Үндістан Кеңесі (Дели), сондай-ақ Үндістан мен Қазақстан арасындағы мәдениет және білім беру байланыстарын орнату, түлету мен нығайту және жалпы өзаратүсіністікті арттыру мақсатымен 1994 жылы Алматыда ашылған Үнді мәдени орталығы «Мәдениет арқылы достық» бағдарламасын әзірлеп Қазақстанда, соның ішінде ШҚО-да іске асырды. Бұл бағдарлама екі елдің – Үндістан мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 15 жыл толуына (2007 жылғы ақпан), Үндістан Республикасы Тәуелсіздігінің 60 жылдығына (2007 жылғы тамыз) арналған болатын.

Бұл бағдарламаны Алматыда ұйымдастырылған «Үндістан туралы сызбалар» көрмесі (2007 ж. 6-17 сәуір) Қазақстанда ойдағыдай бастады.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында ұйымдастырылып, безендірілген «Үндістанмен кездесу» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі «Мәдениет арқылы достық» бағдарламасы бойынша Қазақстанда өткен екінші іс-шара болды.

Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігі Үнді мәдени орталығының 2007 жылғы 5 мамырдан 5 маусымға дейін өткізген «Үндістанмен кездесу» көрмесін 4480 адам, оның ішінде 1020 студент, 2140 оқушы, 1320 ересек адам келіп көрді. 198 экскурсия жүргізілді.

Мемлекеттік «Катхак Кендра» классикалық би институтының (Дели) түлектері, Қазақстандағы тұңғыш Катхак-дуэт Л.Омарова мен А.Теміртекова жетекшілік ететін Үндістанның классикалық және халықтық билері би ұжымы (Үндістан мәдени орталығы жанындағы) артистерінің 2 концерті Өскемен қаласының Жамбыл атындағы облыстық драма театры мен музыкалық колледжінде ұйымдастырылып, өткізілді.

Ә.Д.Нілібаев бүкіл дүние жүзіне әйгілі «Махабхарата», «Ригведа», «Бхагаватгита», «Джаммапада» атты шығармаларды, Рабиндранат Тагордың таңдамалы өлеңдерін қазақ тіліне аударған болатын. 26 кітаптың авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, біздің ақын жерлесіміз Әубәкір Дастанұлы Нілібаев 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қара Ертіс ауылында дүниеге келген. Үндінің «Махабхарата» атты ұлы эпосын қазақ тіліне аударғаны үшін 2004 жылы ол Үндістан президентінің «Падма Шри» сыйлығына ие болды.

Ә.Д.Нілібаевтің шығармалары Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігінің қаржылай қолдауымен шығарылған еді.

Үнді мәдени орталығы қазақ тілінде шыққан «Джаммападаны», Махатма Гандидің, Рабиндранат Тагордың кітаптарын Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапханаға, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің, № 38, 19, 25 мектептердің, Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың, Қазақстан-Америка еркін университетінің, Достық Үйінің кітапханаларына және мұражай-қорықтың кітапханасы мен қорына, мұражай қызметкерлеріне, көрме вернисажына келгендерге таратып берді.

Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы, Үнді мәдени орталығының директоры Дипали Пал ханым жұбайымен бірге 2007 жылғы 8 мамырда дәстүрлі «Шырақ жақ» акциясына қатысты. Дипали Пал ханым облыстық теледидардың тікелей эфирде өткен хабарына де қатысқан болатын.

Көрме туралы пікірлер:

«Маған бұл мұражай өте-өте ұнады. Маған мұнда үнді киім-кешектері мен әртүрлі әшекейлері ұнады. Мен өте қуаныштымын. Алған әсерім өте тамаша!»

«Керемет көрме! Шығармашылыққа ынтықтырады, шабыттандырады» (Оксана мен Евгений Жуковтар, 10.05.08 ж.)

«Көрмені ұйымдастырушыларға зор алғыс! Сіздердің энтузиазм мен орасан зор күш-жігерлеріңіздің арқасында біздерге, қалалықтарға біраз ғана уақытқа болса да Үндістанның бір шеті сыйланды. Алда да Сәттілік, Табыс серік болсын. 02.05.08».

Үндістанның ең атақты бишілерінің бірі Прерана Шримали ханымның жетекшілік етуіндегі «Катхак» мәнеріндегі халықтық билер ансамблі мен Үндістанның танымал сазгерлерімен жұмыс істейтін Падмани Ройдың жетекшілігіндегі музыкалық топ 2008 жылғы 10-13 сәуірде Өскемен және Зырян қалаларында қайырымдылық концерт қойып берді.

Дипали Пал ханым Өскемен қаласында 2008 жылғы 18-19 қыркүйекте біздің мұражай-қорық базасында өткен мұражай директорлары мен мамандарының «Қазақстан мұражайлары жаңа әлемде» атты халықаралық семинар-кеңесіне, сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

2008 жылдың жазында Өскемен қаласына Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының елшісі Ашок Саджанхар мырза келген болатын. Елші сапары бағдарламасының бір бабында оның мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағы мен ашық аспан астындағы экспозициясында болуы көзделген.

2009 жылғы 19 қазанда ұлы үнді ақыны, әлемдік әдебиет классигі, Нобель сыйлығының лауреаты Рабиндранат Тагор кеуіті салтанатты түрде ашылды, ол ШҚО тұрғындарына ҚР-дағы Үндістан Републикасы елшілігінің, Үнді мәдени орталығының (Астана қаласы) ықпалымен Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі Кеңесі (Нью-Дели) атынан тапсырылған болатын.

Кеуіт қола, биіктігі – 107 см, ені – 81 см, салмағы – 120 кг, тұғырының биіктігі – 145 см, мүсіншісі – Гаутам Пал. Мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында орнатылған.


 

Р.Тагор кеуітінің ашылуы. 2009 жылғы 19 қазан

 

Р.Тагор кеуітінің ашылуы. 2009 жылғы 19 қазан. ШҚО әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев, Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының елшісі Ашок Саджанхар мырза, мұражай-қорық директоры Николай Алексеевич Зайцев

 

 

Р.Тагор кеуітінің ашылуы. 2009 жылғы 19 қазан

ШҚМУ шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы

Алма Ахметжанқызы Жылқыбаева сөз сөйлеп тұр

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …