20, 21 қараша күндері Өскемен қаласындағы № 37 орта мектепте «XIX-XX ғасырдың басындағы Оңтүстік-Батыс Алтай орыс шаруаларының көзешілік қолөнері» атты көшпелі көрмесі жұмыс істеді.
Іс-шараны мектеп әкімішілігі мен оқушыларының белсенді қатысуымен орыс этнографиясының ғылыми қызметкерлері А.Мышко және Н.Честнейшина ұйымдастырды.
Көрмеге әртүрлі керамикалық ыдыстар («кіреңке»-сүт құюға арналған ыдыс, «калыванка» - қамыр илейтін ыдыс, «горшок» - құмыра, «солонка» - тұз салатын ыдыс және т.б.), арнайы көне үлгіде істелген көзелік дөңгелек, фотосуреттер қойылды. Негізгі материалға қосымша ретінде көрермендерге қолдан тігілген әдемі стол жапқыштар ұсынылды.
Дәріс-экскурсияны жетінші және бастауыш сынып оқушылары, тыңдады. Тыңдаушыларды әсіресе жергілікті шаруалар тұрмысының ерекшелігі, саздан жасалған көне ыдыстарды жасау технологиясы мен алуан түрлері қызықтырды.
< Предыдущая | Следующая > |
---|