Халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері 2013 жылдың 19 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдері күні шеңберінде облыстық Достық Үйінде «Әр тілде кітап оқимыз» атты көрме ұйымдастырды.
Көрмеге мұражай қорынан әлем халықтары тілдеріндегі кітаптар, оқулықтар, балалар әдебиеті қойылды. Патефонда әртүрлі тілдердегі әндер ойнатылды.
Көрермендерді ерекше қызықтырған зат – патефон болды, ол граммофондық пластинкаларды айналдырады, қозғалтқыш білік ретінде пружиналық қозғалтқыш пайдаланылған, дыбысұлғайтқыш корпустың ішіне жасырылған раструба арқылы жұмыс істейді. Дыбыс жеткізгіші металл ине мен мембранадан тұрады.
< Предыдущая | Следующая > |
---|