2014 жылғы 12 қыркүйек күні мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің этнографиялық ауылында ХIХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Грузин қонысының салтанатты тұсаукесер рәсімі болды. Көрмеге Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко, ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаев, Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжанов қатысты.
Қызыл лентаны кесу құрметі «Беакрис» ЖШС бас директорының орынбасары Лилия Анатольевна Поспеловаға берілді.
Грузин қонысы «Беакрис» ЖШС-нің бас директоры Гиви Отарович Гомарелидің, Грузия шебері Автандил Сантеладзенің жеке қаражаттарына салынған. Көрмеге қойылған заттардың көпшілігі оның фирмасымен жасалып, этнографиялық материалдардың бір бөлігін Гиви Отарович Грузиядан әкелген.
Қоныс Грузияның батыс өңіріне тән, екі кіреберіс есікті тас үйді көрсетеді. Үй үш бөлмеден тұрады: камині бар қонақ бөлме және екі жатын бөлме. Үй Г - әрпі тәрізді ашық галереясымен ерекшеленеді.
Үйдің жанында ХII ғасырдағы Сван мұнарасының негізінде салынған 9 метрлік үш қабатты тастан қаланған ғимарат тұр. Терезе орнына қабырғаларында жаудан қорғануға арналған енсіз атыс ойықтары бар. Оның бірінші қабаты малға арналған болса, екіншісі – ересектерге, ал үшіншісі – балалардікі. Қазір мұнарада келушілерге ежелгі Грузияның сұлулығын көрсететін «Шабыт сыйлайтын мәңгілік жер…» атты фотокөрме көрмеге қойылған.
Қоныстың жүгері кептіруге арналған – сасиминде ағаш бөлмесі және марани – сарайы бар, онда жүзімді аяқпен басып, содан кейін оны арнайы саздан жасалған, жерге қазылып көмілген ыдыстар- квевриге құйып, шарап шығарады.
Қоныс аркалы кіреберісі бар тас дуалмен қоршалған, бұрыштарына атақты грузин қайраткерлері – ақын Шота Руставелидың және жартылай аты аңызға айналған патша Парнавазаның мүсіндері орналастырылған.
Мұражай-қорық маманы
М. Солонец
Фото Алексея Мазницина
< Предыдущая | Следующая > |
---|