2015 жылғы 18-19 мамырда ғылыми-ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімі №37 орта мектептің жоғарғы сыныптары үшін Мұражай күніне арналған іс-шара өткізді. Шарада әлемдегі ерекше мұражайлар: «Жын-шайтан мұражайы», «Тышқандар мұражайы», «Прәндіктер мұражайы» және т.б. мұражайлар қалай пайда болды және әлемдегі тұңғыш мұражай қалай аталды, қарапайым және ерекше жәдігерлер туралы әңгімеленді. Оқушылар мұражай-қорықтың жәдігерлерімен танысты, интерактивті ойын және мұражай-қорық бойынша экскурсия жүргізілді.