Іс-шара 2015 жылғы 11-13 қыркүйекте болды.
Мұражай-қорық қызметкерлері мейрамда Шығыс Қазақстан облысын көрсететін кешеннің киіз үйін безендірді.
Киіз үйдің ішкі көрінісін безендіру үшін мұражай-қорық қорынан 182 зат пайдаланылды. Үйдің ішкі көрінісін безендіруде Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайы ұсынған жәдігерлер: сүйекпен және металмен жозыланған төсек, ақық ендірілген ер-тоқым, сәнді қасқырдың терісі маңызды толықтыру болды. Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 6 бұйым берді: құмған, тұғырығы бар сандық, ХХ ғасырдың соңындағы келі, сондай-ақ ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы сүйекпен әшекейленген ыдыс-аяққа арналған шкаф. Және шебер Лина Ақанқызы қасқырдың терісінен жасалған тонды «қасқыр ішікті» және шаңыраққа арналған шашақ «шашақ бауды» ұсынды, олар киіз үйдің сәнін ерекше келтіріп тұрды.