МИХАЭЛИСТІҢ АРА ҰЯСЫ ЖӘНЕ СӨЗДЕРДЕН ЖАЗЫЛҒАН ПОРТРЕТ
Қызықты экспозицияны бүкіл әлем болып жинадық десе де болады. Мұражай жәдігерлерінен басқа, өздерінің артефактілерімен «Пасека» шаруа қожалығы және ауыл шаруашылығының Шығыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты бөлісті.
– «Пасека» шаруа қожалығы бізге 20-ға жуық жәдігер, сондай-ақ қазіргі заманғы нұсқадағы араның ұясын беріп жіберді. ШҚ АШҒЗИ-ден жылжымалы павильонның мына макеті келді, мұндайды 60-шы жылдары табиғи көлемді омарталар ғана тасыған. Мына тағы бір сирек жәдігер де сол жерден – 18 ғасырдың соңында 19 ғасырдың ортасында өмір сүрген, жиекті омартаны ойлап табушы, атақты орыс омарташысы Петр Прокоповичтің портреті. Есімі өкінішке орай белгісіз, омарташы-әуесқой оны Петр Ивановичті білген адамдардың сөздерінен жазып алғанымен қызықты – деді ШҚО МҚ ғылыми қызметкері Наталья Честнейшина.
19 ғасырдың соңынан бастап, біздің өлкеміздегі омарташылықтың даму тарихы туралы сыр шертетін 200-ге жуық жәдігер ұсынылған. Олардың ішінде нағыз раритет, бар, мысалы, омарта-дуплянка. Таң қаларлығы, оның ішінде балы бар ара ұясының қалдығы сақталған.
– Ондай омарталар балдан аз өнім берген, бірақ күтімі күй талғамайтын. Ертеректе жеке омарталарда 800-ге дейін ара ұялары болды. Оларға бір адам ғана қызмет көрсететін, – деді Н. Честнейшина
Тағы да бір раритет - ол ойыншық үйге ұқсас аяқтары бар омарта, оны саяси жер аударылған Евгений Михаэлис пен Александр Федоров жасаған. Кейінірек соңғысы Ульбинское селосында омарта ашып, өткен ғасырдағы омарташылық оқуын өткізді.
Көрме жаңадан ашылған омарташылық павильонында орналасқан, оған Ақ киіз үйден кейінгі концерттік залдың сахнасына баратын асфальтталған жолмен баруға болады.
Экспозицияны тамашалай отырып, бізге дейін де адамдар омарташылықпен айналысқанын, араны бағалағанын және бал туралы барлығын білгенін түсінесің.
ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі
< Предыдущая | Следующая > |
---|