Біздің түсінігімізше самауырлардың көбі ағаш отынмен қайнатылған, қазіргі уақытта олар электрмен ауыстырылған. Бірақ 20 ғасырдың басында, яғни революцияға дейінгі уақытта керосинмен қайнатылатын самауырлар да болған.
– Бүгінгі күні олар өте сирек кездеседі. Негізінен мұндай самауырлар Кавказда қолданылған, онда мұнай кәсіпкерлері жұмыс істеген, және де керосин арзан болған. Керосинді шамның отаны Әзірбайжан болуы кездейсоқтық емес, – деді мұражай-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Роман Нечаев.
Ал, самауыр орыстың өнертабысы болып табылады. Роман Юрьевичтың айтуы бойынша Еуропада бұрынғы жылдары оны – «орыстың шай машинасы» деп атаған.
Бүгінгі күнге дейін керосинді самауырлар дәстүрліге қарағанда анағұрлым аз жеткен. Мысалы, мұражай-қорық коллекциясындағы көмір самауырлардың саны жүзден асады, ал керосинді самауыр біршама уақыт біреу ғана болды. Жаңа жәдігердің келіп түсуімен олардың саны екеуге жетті. Әрбір самауыр ерекше, оларды бұрын қалыптамаған, сондықтан олардың барлығы антикварлық құндылық болып табылады.
Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі