Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының орыс этнографиясы бөлімі Ертістің сол жағасындағы этноауылда Өскемен қаласының 4-ші, 9, 10, 25, 29 және 30-шы мектептерінің 0-5 сынып оқушылары үшін Масленица мерекесіне орайластырып, 3 - 11 наурызда костюмдендірілген музыкалы іс-шара өткізді. Бұл іс-шара мақсаты ертеден келе жатқан халықтық дәстүрмен балаларды таныстыру болып табылды. Мектептердің оқушылары осы мереке, оның тарихы, соның ішінде орыс этнографиясы бөлімінің Шығыс Қазақстан аймағында жүргізген далалық зерттеулері негізінде анықталған жөн-жоралғылары мен дәстүрлері туралы көп нәрсеге қанықты. Іс-шара бағдарламасында Масленица тұлыбының айналасында хороводпен жүрулер, сыпыртқы мініп жарысулар, арқан тартулар, «Блин пісіреміз», «Пималар, пималар», «Трифон ағай» ойындары ұйымдастырылды, блиндерден дәм татқызып, Масленицаның тұлыбы өртенді. Балалар мәз-майрам болып, өте разы болып тарасты.