• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Артиллериялық аллея келушілерді қарсы алуға дайындалуда. 2016

Артиллериялық аллея келушілерді қарсы алуға дайындалуда. 2016

Танки и БМП

Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі  әскери экспозиция жазғы маусымның ашылуына дайындықты әдетте сәуір айында бастайды. Мұндағы тарихи-мемориалдық кешеннің аумағы мен авиаалаңда санитарлық тазалаудан басқа, көктемгі қалпына келтірушілік жұмыстар жүргізіледі.

Ашық аспан астында тұрған көлемді жәдігерлер жарты жылға созылған қолайсыз ауа райымен «шайқастан» соң, ең алдымен сырлауды қажет етеді. Әскери техника күн көзі көрінгенде жарқырап, жалт-жұлт етіп тұруы тиіс, мұның өзі мықты әскери тәртіптің үлгісі болып табылмақ.

Саз-балшықтан қорықпайтын танктерге қарағанда ағаштың ылғалға төзімсіз келетіні белгілі. Қысқы маусымнан кейін жүргізілген тексеру экспозициядағы әскери бекіністердің жөндеуді қажет ететінін көрсетті.

-  Блиндажда біраз жылдар ішінде жарамсыз болып қалған бөренелер бар, олардың бірқатарын ауыстыру қажет, демеушілер көмектесетін шығар деп үміттенеміз, - деді ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөліміндегі әскери-патриоттық тәрбие секторының меңгерушісі Юрий Ачинянц.

Блиндаж бен окоптар әскери ғылымның барлық ережелері бойынша салынған. Жаңбырлы күні су кірген окоптарда аяққа жабысқан балшықты көріп көңілің құлазиды.

Осындай жауынды күні саябаққа келген экскурсанттардың бірі - арқасына сәнді жолқапшық ілген бозбала окопқа кіріп, бүрісіп кетті. «Ал, іс жүзінде, сарбаздар бүкіл соғыс бойы осындайларда тұрды емес пе»,- деді ол біраздан кейін өзін өзі жұбатқандай болып.

Дәлділік қандай-да бір жарнамадан артық. тағы да бір келуші, Германияның тумасы Курск шайқасы бейнеленген стенд жанында ұзақ тұрды. Содан кейін аудармашы арқылы былай деп түсіндірді: «Менің әкем Курск түбіндегі шайқастарға қатысқан болатын!»

Павильонарда да жұмыс қызған, жәдігерлер орналастырылуда. Юрий Маратович атқарылған жұмыс туралы әңгімелей келе облыс тұрғындарына: «Егер де кейбіреулерде соғыс жылдары және ұрыс жүрген «отты» жерлердегі шайқаспен, Чернобыль АЭС-інде болған апатты жою жұмыстарымен  байланысты заттар болса, мұражайға тапсырыңыздар, біз ризашылықпен қабыл алатын боламыз!» деген тілек білдірді.

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз-қызметі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …