• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Чернобыль апатын еске алу. 2016

Чернобыль апатын еске алу. 2016

27 сәуірде сағат 12.00-де музей-қорықтың Солжағалық кешенінде Чернобыль АЭС-ындағы апаттың 30 жылдығына арналған акция өтеді.

Бұл іс-шараға Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстың зардаптарын жоюшылардың қаза болғандарын еске алып, көзі тірілеріне қошемет көрсету үшін қала тұрғындары жиналады, сондай-ақ 1986 жылғы сол бір тауқыметті оқиғаға қатысқандардың өздері де келеді.

Апаттың зардаптарын жоюға аттанған 1 600 мың адамның ішінде 3 мың шығысқазақстандықтар да болған еді. ЕҚБ-ның, «Промсантехмонтаж», «Промэлектрмонтаж» басқармаларының, ҮМЗ-нің, таңдаулы қызметкерлері мен мамандары, 22 МСБ-нің, ШҚО-ның басқа да ұйымдарының медиктері, запастағы әскери қызметшілер қатысқан болатын.

Бүгінде ЧАЭС зардаптарын жоюға қатысқан 1500 өскемендіктен көзі тірі жүргендері 254 адам. Басқаларының өмірін «бейбіт» атом ерте алып кетті. Өкінішке орай қалғандарға да оңай болып жүрген жоқ: радиациялық сәуленің олардың денсаулығына тигізген әсері өмір бойына қалған.

Акция барысында «Ерлік мектебі: ШҚО-ның жоюшы-чернобыльшілері» атты жаңғыртылған экспозиция салтанатты түрде ашылады, сондай-ақ  балалардың акция тақырыбына салған суреттері конкурсының қорытындысы шығарылады.

Сіздерді Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан жерлестерімізді еске алып, көзі тірілерінің ерліктеріне қошемет көрсетуге шақырамыз.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …