Россельхозакадемияның Сібірдегі М.Лисавенко атындағы ғылыми-зерттеу институтының тұқымбағынан жеткізілген 20-дан астам өсімдік түрлері музей-қорықтың Солжағалық кешеніне көктемде егілген болатын. Бұрыннан бар коллекцияны мәңгіжасыл қылшалар мен жапырақты тұқымдар толықтырды.
Олардың арасында, деп әңгімеледі музей-қорықтың ботаникалық бақ және дендробақ бөлімінің меңгерушісі Александр Бочагов, бозаршаның – шар тәрізді және биіктігі 5 метрге дейін жететін батыстық түрлері мен казак аршасы бар. Жапырақтылардан қызыл жапырақты көбікжеміс, жапон тобылғысы, ақжұпардың 7 түрі, біраз бөріқарақат, тал мен сәндік курил шәйін көруге болады.
Әкелінген көшеттердің 100 пайызы дерлік жерсініп кетті.Тіпті, олардың бірқатары гүлдеді де, бұл орайда олар негізінен екіжылдық болып табылатынын атап өткен жөн, - деді А.Бочагов.
Бір айта кетерлігі, музей-қорық көшеттер таңдауға 2015 жылы-ақ кіріскен екен. Бұл үшін Солжағалық кешеннің қызметкерлері Барнаулдың Лисавенко атындағы тұқымбағына арнайы барып қайтыпты. Мұнда егу материалын өсіргенде жергілікті климат ескеріледі, ал ондағы климат Шығыс Қазақстандікінен де қатал болып келетіні белгілі. Іріктелген көшеттердің барлығының тамырлық жүйесі жақсы болып шықты. Әрі музей-қорық қызметкерлерінің өсімдіктерді ерекше қамқорлыққа алуы, жаңақоныстанушылардың ШҚО жеріне ойдағыдай бейімделуіне септігін тигізді.
Осылайша өскемендіктер мен қала қонақтарыалғашқы рет, мәселен, магонияның қалай гүлдегенін және оның қара көк жемістерін көрді. Бұл сәндік бұталардың жапырақтары ерекше жылтыр болып келеді екен. Тіпті, жапырақтарды жаңа ғана жауған жаңбыр жуып өткендей әсерде қаласың. Тағы да көңіл аударарлық жағдай, жаз басында шешек атқан гүлбұршақтың сары гүлдері таңдандырады, оның алтын жаңбыр деп аталуы тегін емес.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі,
Баспасөз-қызметтің фотосуреті