• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Ақ бауырдағы ұмытылмастай болған серуен. 2016

Ақ бауырдағы ұмытылмастай болған серуен. 2016

Поездка на Ак-Бауыр состоялась в рамках проекта «Шаг навстречу…»

Шығыс Қазақстанның облыс орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан атақты шатқалда болып қайтқан мүмкіндіктері шектеулі жастардан тұратын экскурсанттар ерекше әсер алып қайтты.

Осы тамаша іс-шараны  ұйымдастыруға Өскемен қаласындағы мүгедек әйелдердің «Алтынай»  қоғамдық бірлестігі «САД» жартылай стационарлық бөлімшесінің әкімшілігі мен музей-қорық бастамашылық жасады.

-  Мүгедектерді қоғамға әлеуметтік бейімдеу және интеграциялау біздің ұйымның негізгі мақсаты болып табылады. Ақ бауырға сапар «... қарсы қадам» деген жоба аясында жүзеге асты, жобаның базасында жеті жыл бойы жартылай стационар жұмыс істеуде. 18 жастан асқан балалар музей-қорық қызметкерлерінің арқасында  экскурсияға қатысты, осы бір таңғажайып жерде болып, керемет әсер алып қайтты,- дейді  «Алтынайдың» әлеуметтік ұстазы Майнұр Әмірова.

-  Тарихи-археологиялық кешенге сапар бағдарламасы бойынша бірегей үңгірге көтеріліп, онда экскурсоводтар  осы шатқалдың тарихы туралы, Ақ бауырды зерттеушілердің  түрлі пікірлері жайында айтып берді, басқа да көптеген мағлұматтар алды экскурсанттар. «Нұрсалауат» СӨС ҚБ-нің волонтерлері танымдық бөлімнен басқа қозғалыс ойындарын ұйымдастырды. «Біздің балалар осы сапардан керемет шабыттанып қайтты, өйткені олардың көпшілігі қала сыртына алғаш рет шығып отыр ғой», - деп атап өтті М.Әмірова.

Экскурсанттар қайтар жолда Ұранқай өзенінің бойындағы бастауға соғып, кәусар судан сусындады, әрі суретке түсті.

-  Сапар көңілімізден шықты. Біз музей-қорық басшылығы мен қызметкерлеріне есте қаларлықтай іс-шара өткізгендері үшін алғысымызды білдіреміз және де осындай сапарлар жиі болып тұрады деп сенеміз, - деп қорытындылады сөзін әлеуметтік педагог.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …