• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Күзгі калейдоскоп» және мерейтой иелерінің өнері. 2016

«Күзгі калейдоскоп» және мерейтой иелерінің өнері. 2016

Фото с выставки «Осенний калейдоскоп»Фото с выставки «Осенний калейдоскоп»Музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесіндегі, 67 ғимаратында сәндік-қолданбалы өнерінің белгілі шығыс қазақстандық шеберлері Игорь Мартининның және Наталья Баженованың мерейтойлық көрмелері, сонымен қатар, Өскемен және Семей қалалары қолөнершілерінің «Күзгі калейдоскоп» атты ғажайып жұмыстарының көрмесі өтуде.

И. Мартынинның бұйымдары жоғары сапалы болса да, өте қолайлы. Олар, халықтық  қолөнерін бағалай білетіндер арасында тез танылады және кеңінен таралған. Жұмыс барысында ол тек қана табиғи, экологиялық таза материалдарды, мысалы қайың қабығын қолданады. Шебердің бұйымдарын АҚШ-тан, Канададан, Германиядан, Франциядан, Израильден келген туристер мен қонақтар сатып алады.   

Н. Баженованың сәндік-қолданбалы өнерінің ең сүйікті жанрлары қоғадан бұйымдар тоқу және пэчворк (құрақ құрау). Оның қолынан үй театрына арналған костюмдер коллекциясы шыққан. Басында шебер бұл костюмдерді отбасының естелік даталарын тойлау үшін тіккен болатын. Мысалы, цыганның стильденген костюмын киіп Наталья Леонидовна жұбайын мерейтоймен құттықтап шыққан. Үлпілдеген бантты- қосетекті ақ көйлекті отау құрғанының 30 жылдығына тіккен. Наталья Леонидовна өз шеберлігімен қуана-қуана бөлісіп, Солжағалық кешеннің «Шеберлер қаласында» шеберлік дәрістер өткізуде.

Фото с выставки «Осенний калейдоскоп»Фото с выставки «Осенний калейдоскоп»

Музей-қорықпен екі шебер 20 жылдай қызмет етеді, музей-қорықта, Өскемен қаласында, Шығыс Қазақстан облысы аймағында және оның тысқарында өтетін сәндік-қолданбалы өнер көрмелеріне, қолөнер жәрмеңкелеріне үнемі қатысады. 2014 жылы Наталья Баженова «Достық көпірі» (Новосібір) халықаралық фестивалінің дипломымен марапатталып, «Ертіс өңірінің әуендері» атты (Семей) орыс өнерінің XI халықаралық фестивалінің лауреаты болып табылады. Игорь Мартынин Қазақстанның халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің медалімен марапатталып, Өскемен қаласы әкімінің көптеген алғыс хаттарына ие болды.              

Музей галереясында өткізіліп жатқан «Күзгі калейдоскоп» көрмесінде сәндік-қолданбалы өнердің шығыс қазақстандық шеберлерінің 200 астам экспонаттары ұсынылған. Көрмедегі бұйымдар ағаштан, себет талдан, қайың қабығынан, папье-маше, матадан, теріден, ұсақ моншақтан жасалып, ағашта әсемдеп салынған ою-өрнектері, мүсінді ою-өрнектері, тастан салынған суреттер және кестелер көз жауын алады. Нәзік жандыларды да жарқырауық тастардан жасалған әшекейлер ықылассыз қалдырмайды. Ұсақ моншақтан жасалған кейбір картиналар көздің жауын алып, құрақ құрау техникасында жасалған жамылғылар өткен балалық шақта ауылдағы әжесінде өткізген жаз мезгілі жайында есімізге түсіреді.

Көрмеге келіп оң әсер алуға шақырамыз!   

Музей-қорықтың баспа қызметі, баспа қызметінің фотосы

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …