2017 жылғы 16 наурызда Қ. Қайсенов көшесі, 67, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында сәндік-қолданбалы өнерінің «Наурыз нақыштары» атты көрме ашылды.
Экспозиция негізіне музей қорындағы коллекциялар енген: қазақ ұлттық киімі, ағаштан, металлдан, керамикадан және фарфордан жасалған ыдыстар, шығыс халықтарының кәдесыйлары мен тұрмыстық бұйымдары.
Көрме келушілері ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы зергерлік әшекейлердің жаңа топтамасын алғашқы рет тамашалайды. Мұнда, Қазақстан, Өзбекістан және Үндістан елдерінің халықтық қолданбалы өнерінің ескі замандағы және заманауи шеберлері жасаған түрлі салпыншақтар, тұмарлар, сырғалар және білезіктер.
Сонымен қатар, көрмеде «Акварелька» бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылық балалар студиясы оқушыларының шығармашылық жұмыстары ұсынылған.
Үстіміздегі жылдың сәуір айының аяғына дейін қызмет ететін көрмеге шақырамыз!
Фото баспасөз қызметі мен Алексей Мазницындікі