• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Қолөнершілердің облыстық фестивалі болып өтті. 2017

Қолөнершілердің облыстық фестивалі болып өтті. 2017

11 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Жастар» саябағында облыс қолөнершілерінің «Алтай базары» атты фестивалі болып өтті.

Оған облыстың 10 аймағының, атап айтқанда, Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Ұлан, Абай және Глубокое аудандарының 25 сәндік-қолданбалы өнер өкілі қатысты. Қатысушылар ағаш ою  мен ағашқа өрнек салу, қоға мен шыбықтан түрлі бұйымдар тоқу, саздан белгілі бір зат илеу, ши тоқу сияқты сан түрлі халықтық өнер бойынша тегін шеберлік дәрістерін өткізді. Дәрісте пайдаланылған материалдарды фестивальға қатысушылар әкелсе, оны үйренушілер санаты әртүрлі адамдардан тұрды.

«Алтай базары» фестивалінің ұйымдастырушылары – ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының туристік ақпараттық орталығы мен музей-қорық қызметкерлері. Олар осынау іс-шараны өткізу арқылы жергілікті шеберлердің мүмкіндіктерін және  эксклюзивті экологиялық өнімдерді танымал етуді мақсат еткен. Аталған басқарманың директоры Сымбат Рамазановтың сөзіне қарағанда, облыс қолөнершілері таңертеңнен  музей-қорықтың Солжағалық кешеніне экскурсия жасаса, дөңгелек үстел басындағы пікірталас  кезінде шалғайдағы ауылдық жерлерде ЖК-ні ресімдеу кезінде кездесетін кедергілер мен проблемалар жайлы және салықтық декларация толтыру барысында тап болатын мәселелер мен тағы басқалар турасында әңгіме өрбітті.

 Шеберлік дәрістерінің соңына қарай фестивальға қатысушыларға шеберлік сертификаттары табысталды. Олардың басында абайлық былғарыдан бұйым жасау шебері Айбын Жұматай бар еді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл шеберлің қолынан шыққан ат әбзелдері   туристік бренд-кәдесый ретінде бүкіл аймақта ерекше бағаланады және айрықша сұранысқа ие.

 

Жәрмеңке одан әрі Өскемендегі орталық алаңға ауысып, түн ортасына дейін жалғасты. Ал қалалықтар болса, халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің кәдесыйлық ойыншықтарын, пималарын, киізден тоқылған сүйретпелерін, тіпті, ағаш пен қабықтан гаджеттерге арналып жасалған эксклюзивті қаптамаларды сатып алды.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген С.Суров.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …