2017 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің «№103 шипажайлық балабақша-бөбекхана» МКМ-інде орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері «Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы» тақырыбында театрландырылған этнографиялық көрініс өткізді.
Іс-шараға Емеля мен Марья-ісмер киіміндегі екі ертегілік кейіпкер қатысты. Этнографиялық материал балаларға түсінікті болу үшін оны ойын үлгісінде өткізу қажет болды.
Ертегі кейіпкерлерімен кездесу көңілді де қызықты өтті. Шаруалардың тұрмысы жайында, туған өлкеміз – Шығыс Қазақстанның тарихы туралы әңгімені балалар барлық ынталарымен тыңдап, әңгіме барысында сұрақтар қойды, Марья-ісмердің жасырған жұмбақтарына жауаптар тауып, Емелямен бірге пеш туралы мәтелдер мен жаңылпаштар үйренді, іс-шара кезінде көрсетілген рушниктерді, белбеулерді, фотосуреттерді тамашалап, тіпті Емелямен және Марья-ісмермен бірге халықтық қимыл-қозғалыс ойындар ойнады.
Орыс бөлімі өткізіп жүрген іс-шаралар балалардың бойында өлкеміздің тарихына және мәдениетіне деген қызығушылықты оятуға бағытталып жүреді.
1) Орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері жәдігерлерді көрсетіп тұр
2) Марья-ісмер «Аққулар-қаздар» ойынын өткізуде
3) Фома атай туралы өтірік ән музыкалы-шулы аспаптың сүйемелдеуімен орындалуда.
< Предыдущая | Следующая > |
---|