• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Наурыз баршаның басын қосты! 2018

Наурыз баршаның басын қосты! 2018

Рухани жанғыруВсех объединил Наурыз! 2018Всех объединил Наурыз! 2018

Музей-қорық қала бойынша ерекше тойланып өткен Наурыз мерекесін өткізуге атсалысты.

Көгілдір көктеммен ілесе келетін жыл басы мерекесі қалыптасқан дәстүр бойынша Республика алаңында болып өтті. Мерекеден бір күн бұрын, 21 наурыз күні музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері алаңда киіз үй тігіп, онда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы латын тіліндегі кітаптардың көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Ол кітаптар Семейдің Абай атындағы кітапханасынан әкелінген еді. Олардың  қатарында Абайдың «Қара сөздері», С. Мұқановтың, Б. Майлиннің, С. Сейфуллин мен  Ж. Жабаевтың, сондай-ақ, Н. Гогольдің және басқалардың латын тілінде жарық көрген шығармалары бар. Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының кітапханалық жұмыстар  жөніндегі орынбасары Бақыт Әбенованың сөзіне қарағанда, бұл шығарылымдардың барлығы да цифрландырылған және оларды іздейтіндер болып жатса, Қазақстанның Ұлттық кітапханасы мен Семейдің Абай атындағы кітапханаларының сайтынан таба алады.

Всех объединил Наурыз! 2018Всех объединил Наурыз! 2018

Мереке барысында алаңдағы субұрқақ маңында «Шеберлер қаласы» орын тепті. Оны халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды. Көпшілік қызыға тамашалаған көрмеде облыс орталығының, Ұлан және басқа да аудандардың музей-қорықпен тығыз байланыс орнатқан қырықтан астам қолөнер шебері өз өнімдерін ұсынды. Киізден, ағаштан, шпоннан, қабықтан, сазбалшық пен басқа да материалдардан жасалған сан түрлі бұйымның көптігі мен көркемдігі көз сүріндірді. Бөлім меңгерушісі Райса Мұхамеджанова қазақтың ұлттық саз аспаптарын жасаушы Ерболат Ахаев пен тасқа әшекей салатын шебер Байболат Дәлентаев жайлы және басқа да ісмерлер туралы мақтанышпен әңгімеледі.

 Мерекеге жиналған қауым өздеріне ұнаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын сатып алды, бірінен-бірі өткен киіз үйлерге бас сұғып, тек рухани азық қана алмай, қазақтардың дархан пейіліндей қабарып піскен бауырсақтардан, палаудан және басқа да тәтті-дәмділерден ауыз тиді, Республика алаңын жыр-думанға бөлеген театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Осылайша барша жұрт Жыл басы – Наурызға ғана шаттанбай, дүниенің жаңарған кейпіне, табиғаттың бусанған шағына қуанып, бір-бірлеріне молшылық пен бейбіт күн және мейірім тілесті.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

Всех объединил Наурыз! 2018Всех объединил Наурыз! 2018Всех объединил Наурыз! 2018Всех объединил Наурыз! 2018

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …