«Алтын мұра – домбыра» – биыл Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұйғарымымен бекітілген Ұлттық домбыра күніне арналған мереке осылай деп аталды. Мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Солжағалық кешеннің классикалық музыка аллеясында болып өтті.
Солжағалық кешенге бала-шағаларымен келген адамдар оның ашылуына дейін музей-қорық қызметкерлері әзірлеген театрландырылған отбасылық ойын-сауық бағдарламасын тамашалады. Аталған бағдарлама аясында ертегілер әлемінің падишасы барлық келушілерді мерекеге атсалысуға шақырды. Мереке тура сағат 12.00-де классикалық аллеяда басталды. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК ұйымдастырған концерттік бағдарламаға белгілі әншілер мен өнер ұжымдары қатысты. Олардың қатарында Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық конкурстың бас жүлдесіне ие болған Нұргүл Қабдоллаева, халықаралық, республикалық, аймақтық және облыстық айтыстардың жүлдегері Абаш Кәкенов, «Алтай» фольклорлық ансамблі мен «Жалында» бишілер ұжымы өнер көрсетті.
Музей-қорықтың көркемөнер салонының кәдесыйлар көрмесінде 30 жылдан бері домбыра жасаумен шұғылданып келе жатқан Орал Кәрібаев домбыра жасау бойынша шеберлік дәрісін өткізді. Қолөнерші шебер аталған аспапты жасау үшін және ол үнді болып шығуы үшін қандай ағаш түрін таңдау керектігі туралы кеңінен әңгімелеп, көрсетті. О. Кәрібаевтың пікірі- не қарағанда ел Президенті бекіткен бұл мереке домбыраның ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұлы өнер мұрасы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп тұрғандай.
Ұлттық домбыра күні Солжағалық кешеннің балалар қалашығында да жалғасын тапты. Онда түрлі ойындар ойналды, сондай-ақ, дискотека ұйымдастырылды. Мерекені жүргізуші домбыраның тарихы мен оған арналып отырған осынау мерекенің мән-маңызы туралы әңгімеледі. «Біз қазақтың ұлттық аспабына қатысты дүниелерді еске ала отырып, нағыз саз бен әуен кеңістігін жасауға тырыстық, – дейді отбасылық ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырушы Ольга Савельева. – Ол дегеніңіз – жылылық, жан ләззаты және бейбітшілік атмосферасы».
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.