6 шілде күні Солжағалық кешенде өткен «Купалалы отты жарық» үш болмыстың – өсімдіктер, су және от әлемінің мерекесі болды. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімі бағдарламаны көңілді әрі танымдық етіп жасапты.
«Көгілдір көлдер» жағажайының жанында өткен мерекеге көптеген өскемендіктер бала-шағаларын ала келіпті. Мұнда олардың барлығының көруіне татитын дүниелер болды. Оны көріп қана қоймай, қатысуға да әбден болатын еді. «Русская песня» халық ансамблі мен Глубокое ауданы Секисовка селосының «Весняночка» фольклорлық ұжымы орындаған әндерден кейін барлық көрермен сыпыртқымен билеуге шақырылды. Иван Купала – славян дәстүрінде құрылған мереке, ал ол жайлы білетіндердің білімі «Купалалы отты жарық» атты конкурс кезінде анықталды. Одан әрі қарайғы мерекелік бағдарламада орыс дәстүрлі мәдениетінің «Бастеньки» ансамблі, Донское селосының «Перезвон» ұжымы, облыстық Достық үйіндегі поляк фольклорлық тобының әншісі Валентина Фрышко және басқа да орындаушылар өнер көрсетті. Ал «Каскад» қоғамдық бірлестігінің өкілі Роман Баев қылышпен фланкировка көрсетті.
Мереке соңында Купала-тұлып өртелген нағыз купалдық алау жағылды. Оның соңы алауды айнала жүріп, ән салуға ұласты.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|