Қазақстан халқы тілдері күніне орай орыс этнографиясы бөлімі «2018 жылғы 23 қыркүйекте Жастар» саябағында көпшілікке арналған «Славяндар тілі – білімге, тарихқа, ата-бабалардың мәдениетіне жол ашатын кілт» атты іс-шара ұйымдастырды. Этноауылдың орыс қоныстарында №9, №10, №38 мектептердің, «IT мектеп-лицейінің» және «Спутник -1» аулалық клубтың оқушылары үшін конкурстық этнографиялық эстафета өткізілді.
Балалар «Орыс ауласындағы ана тілі», «Халық сөзі (архаизмдер мен диалектизмдер, мақалдар мен мәтелдер, мерекелер)», «Біздің мәдени мұрамыз («Рухани жаңғыру)», «Пушкин – біздің барымыз», «Аз, буки, веди… Кириллица тарихы» атаулары берілген бес конкурстық алаңда орыс әліппесі мен орыс тілін, халық мәдениеті мен тұрмысын, туған өлке тарихын білу бойынша жарысқа түсті. Конкурстық алаңдар ретінде орыс этнографиясы жөніндегі «Изба-ординарка», «Айқас байланыс», «Сауда ләпкесі», «Қалалық үй» және «Казак үйі» атты экспозициялар пайдаланылды. Саябақтың орталық алаңында шығармашыл ұжымдар өнер көрсетіп, «Халық шеберлерінің жәрмеңкесі» өтті. Көрермендерге де этнографиялық конкурстар мен викториналарға қатысуға мүмкіндік берілді. Іс-шараға екі жүзден астам адам келді. Эстафета мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілді.
Р.Ю. Нечаев «Қалалық үй» экспозициясында «Пушкин – біздің барымыз» викторинасын өткізуде
А.С. Мышко «Сауда ләпкесі» экспозициясында «Біздің мәдени мұрамыз» тақырыбындағы викторинаны өткізуде.
«Ладушки» орыс әні халықтық ансамблінің өнер көрсетуі.
Көрермендермен өткен этнографиялық викторина. Көрерменге жүлде тапсыру.
«Халық шеберлерінің жәрмеңкесі»