Музей-қорық өзінің 50 жылдығын атап өтті. Осы мерейтойға арналған салтанат "Ертіс концерт" мәдениет үйінде өткен болатын.
1968 жылы Бутаково селосында мектеп музейі ашылды, осы уақыттан бері музей-қорықтың үлкен жолының кезеңдері басталды. Бұл музей-қорық Қазақстан Республикасындағы жетекші музейлердің бірі болып табылады. "Ертіс концерт" мәдениет үйіне жиналғандардың барлығын ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басашысының орынбасары Мирас Жұмағұлов құттықтады, ол өз сөзінде мұның облыс мәдениеті саласындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.
Осы мерекеге негізінен музей-қорықтың ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Оларды музей-қорықтың директоры Медет Нұрғалиев құттықтап сөз сөйледі. Директордың бірінші орынбасары Әлия Мүтәлімова да құттықтау сөзін арнады. Ең белсенді қызметкерлер облыс әкімдігінің, мәдениет басқармасының, мәдениет қызметкерлері салалық кәсіптік одағының, музей-қорық әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен, мерекелік медальдармен марапатталды. Музейдің құрылуына баға жеткісіз үлес қосқан оның бірінші директоры Николай Алексеевич Зайцевтің еңбегі атап өтілді. Мерекелік салтанатты жүргізушілердің айтуынша өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында тарихи зердені, ұлттық санасезімді қалыптастыру музей-қорықтың бүгінгі басты міндеті болып табылады. Бұл міндетті музей-қорық ұжымы халықтардың тарихы мен мәдениетін сақтайтын орталық ретінде ойдағыдай орындап жүр, өзінің жұмысын Мемлекеттік «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағыттап, осы жолға күш-жігерлерін жұмылдыруда.
Мерекелік концертке вокалдық «Инкоро» тобы, «Пируэт» хореографиялық ансамблі, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Әлмира Нұрғожина, «Бастеньки», «Ладушки» ансамбльдері және басқа да орындаушылар мен шығармашыл ұжымдар қатысып, өнер көрсетті.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фотосурет Алексей Мазницындікі
< Предыдущая | Следующая > |
---|