• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Менің Отаным – Қазақстан. 2018

Менің Отаным – Қазақстан. 2018

13 желтоқсанда ғылыми-ағарту  және көпшілікпен жұмыс бөлімі Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында оқушылармен Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты тарихи квест өткізді.

Біздің мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? Қазақстан  аталған жылдар ішінде қандай жетістіктерге қол жеткізді? Тарихи квестке қатысқан 29 мектептің оқушылары бөлім әдіскері Любовь Лазареваның осы және басқа да сұрақтарына жауап берді. Оқушылар мұның алдында «16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігі күні» атты әлеуметтік роликті тамашалады. Сондай-ақ, балалармен республикада және біздің облыс аумағында сан ұлттың өкілдері татулық пен келісім аясында өмір сүріп жатқаны туралы байсалды әңгіме өрбіді. Л. Б. Лазарева музей-қорықтың бүгінде Шығыс Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен костюмдері қойылған  залдарымен экскурсия жүргізді.

Нақ осы жерде «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім тірегі» атты көрме де орын тепкен. Оны көрме-экспозиция жұмыстары бөлімі Тәуелсіздік күні қарсаңында әзірлеген болатын.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …