Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық байланыс орталығында 26 ақпан күні музей-қорықта ашылатын «Шығыс Қазақстанды тамсандырған ғажап Қытай» атты алғашқы қытай мәдени-туристік көрмесін өткізу туралы баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, туризм және сыртқы байланыстар басқармасының өкілдері, сондай-ақ Алматыдағы ҚХР Бас консулдығы және Орталық Азиядағы ҚХР мәдениет және туризм министрлігі (Астана) қатысты. ҚХР Бас Консулдығының вице-консулы Мяо Хунбо облысымыздың әкімдігіне, көрмені дайындауға қатысқан барлық ведомстволарға алғысын білдірді. Бұл Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметовтың ШҰАР сапарынан кейінгі маңызды оқиғалардың бірі болуы керек.
Көрмеге Қытайдың мәдени мұралары, ұлттық киімдер, қытай операсының бетперделері және тағы да басқа заттар қойылады. Көрменің бағдарламасы - облыстық драма театрында өтетін салтанатты ашылу рәсімі.
Сондай-ақ, «Қытай қазақстандықтардың көзімен, Қазақстан қытайлықтардың көзімен» фотокөрмесі жоспарланған. Онда қазақстандықтар және қытайлықтардың кәсіби және әуесқойлық фотосуреттері жәдігерлер ретінде көрсетіледі.
Осы іс-шараға арналған концертке тек отандық әртістер ғана емес, сондай-ақ ШҰАР-дың танымал әншісі қатысады. Қытай делегациясы туризм саласындағы іскерлік қарым-қатынас орнату және туристер ағынын ұлғайту мақсатында қытайлық туроператорлар үшін өңірдің туристік әлеуетін таныстырады, қытайлық және жергілікті туристік агенттіктермен кездесу өткізеді. Қытай елінен келген қонақтар Өскемен мен таудағы ірі шаңғы тебу орындарымен танысады.
Осының бәрі, Мяо Хунбоның айтуынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және қарым-қатынасты нығайтуға жаңа серпін береді.
Музей қорығының баспасөз қызметі
Суретті түсірген Сергей Суров