• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Наурыз – жүректерге жылылық сыйлайтын мереке. 2019

Наурыз – жүректерге жылылық сыйлайтын мереке. 2019

Музей-қорықта көктемнің басты мейрамы – Наурызға арналған іс-шаралар басталып кетті. Қазақ этнографиясы бөлімі   оқушыларға арнап, қазақ халық ертегілері мен аңыздарындағы кейіпкерлердің  қатысуымен өтетін танымдық бағдарлама әзірледі.

Мерекелік бағдарламаны алғашқылар болып Өскемендегі №1 орта мектептің оқушылары тамашалады. Жүргізушілер – бөлім қызметкерлері Алмагүл Кенжина мен  Сәуле Талдыбаева  балаларға мерекенің ерекшеліктері мен басты салттары жайлы әңгімеледі. Содан кейін-ақ Алдар көсе мен басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен тартымды көріністер басталып кетті. Наурыз да жаңа жыл секілді өз персонаждары бар мереке. Олар Наурыздың мифтік құдіреті, жаңа өмірдің, жаңару мен ұзақ өмір сүрудің символы. Жүргізушілердің шақыруымен жеткен ақ сақалды Қыдыр ата осынау мекеннің қожайынына, яғни, музей-қорыққа, келген қонақтарға ақ батасын беріп, барлығын келе жатқан Наурызбен құттықтады. Одан соң тәтті-дәмділерден шашу шашылды. Қонақтарға мерекенің басты тағамы – наурыз көже таратылды.

Егер Наурыз тойланатын күндері сәби дүниеге келсе, оған міндетті түрде «наурыз» деген сөзі бар ат қойған. Мысалы, Наурызбай, Наурызгүл. Осылар жайлы сөз саптаған жүргізушілер нәрестені бөлеу рәсімін – «Бесікке салуды» көрсетті.

Қазақ этнографиясы бөлімі даярлаған мерекелік бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі балаларға рәсімдерді көрсетіп қана қоймай, олардың өздерін де сол рәсімге тартуы болды деуге болады. Балалар Наурызға байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кроссвордтар шешуге, қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға, сондай-ақ, би билеп, ән салуға атсалысты. Сөйтіп, өздерінің барлық талант-дарындарын көрсетті. Ең бір атап өтерлігі, бөлім  оқушыларға арналған Наурызды мемлекеттік тілде ғана емес, орыс тілінде де өткізді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …