• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Табиғаттың түлеу және жандану мерекесі. 2019

Табиғаттың түлеу және жандану мерекесі. 2019

22 наурызда Өскемендегі Республика алаңында Наурызды мерекелеуге арналған іс-шаралар болып өтті. Оған музей-қорық та қатысты.

Мерекелік аумақта орын тепкен жеті киіз үйдің әрқайсысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының әрбір тарауына арналды. Олардың бәріне дерлік музей-қорықтың қорынан алынған жәдігерлер қойылды.

Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО (ТЭЦ) ұжымы «Салт аттылар мәдениеті» атты киіз үйдің ішін безендірсе, Өскемен қалалық экономика бөлімі «Түркі әлемінің бесігі», облыстық мешіт «Қазақстан – алма мен жауқазындар Отаны» деген атау алған киіз үйлерді көркемдеді. Солайша қалғандары да өзінше өрнек тапты. Оларда қойылған ескі керек-жарақтар, киімдер мен тұрмыстық бұйымдар келушілерге қазақтың ұлттық мәдениетінің өзіне ғана тән ерекшеліктерімен танысып, жақынырақ біле түсуіне мүмкіндік берді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрған киіз үйде ұлы Абай мен оның әжесі Зеренің тарихи тұлғалары музей-қорық қорынан алынған  жиһаздар мен этнографиялық жәдігерлер есебінен тіптен зорая түскендей.

Алаңда көз жауын алған дүниелер әдеттегідей Шығыс Қазақстан қолөнершілерінің бұйымдары болды. Оның өтуіне халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі мұрындық болды. Сергей Трыков, Ольга және  Владимир Шаповаловтар, Байболат Дәлентаев сынды шеберлер мен басқалар жайма-үстелдерді өз қолынан шыққан ағаш пен қабықтан жасалған дүниелермен, сондай-ақ, зергерлік бұйымдармен толтырды. Қ. Нұрғалиев атындағы колледждің оқытушысы Раиса Бобровская небір көрмелер мен шеберлік дәрістерін өткізуге көмек қолын созып, қамқорлық жасап келе жатқан музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдірді.

- Ұлыстың ұлы күні – табиғаттың түлеуі мен жаңаруы, рухани тазару және өзара тіл табысу мерекесі, - деді алаңға жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтаған облыс әкімі Даниал Ахметов. – Табалдырығымыздан еніп келе жеткен Наурыздың сіздерді жаңа істерге, білім жетістіктеріне шабыттандыруына, әрбір отбасына тек қуаныш, бақыт және амандық әкелуіне шын жүректен тілектеспін.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …