• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Көрме жабылды, әріптестік жалғаса береді. 2019

Көрме жабылды, әріптестік жалғаса береді. 2019

26 наурыз күні музей-қорықта «Тамсандырған Шығыс Қазақстан,  әсемдігімен баураған Қытай» атты көрме салтанатты түрде жабылды. Жабылу салтанатында Қытай Халық Республикасының өкілдері болды.

Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет болып өткен осынау іс-шара нағыз ірі шеңбердегі мәдени-туристік көрме болды деді ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының консулы Мяо Хунбо мырза. Ол  аталған көрме ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен ҚХР-дың Алматыдағы консулдығының бас консулы Чжан Вэем арасында болған кездесуде қол жеткізілген келісімнің нәтижелі жүзеге асуы деп атап өтті.

Көрменің негізгі ұйымдастырушысы ШҚО әкімдігі, ҚХР-дың Орта Азиядағы (Алматы қаласы) Бас консулдығы мен Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдігі болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, ШҚО туризм және сыртқы байланыстар  басқармасының атқарған шаруасы да аз болған жоқ. Көрме ашылмай тұрып, сонау ақпан айында жергілікті туроператорлар қытайлық әріптестерінің біздің аймақпен жақынырақ танысуына жағдай жасаған болатын. ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Қабақов мұндай әріптестік жалғаса беретініне сенім білдіріп, музей-қорық ұжымына көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және кәсіпқойлығы үшін алғысын білдірді.

 «Тамсандырған Шығыс Қазақстан,  әсемдігімен баураған Қытай» көрмесі бүкіл шығысқазақстандықтар үшін Наурыз мейрамына жасалған сыйлық болды, - деді музей-қорық директоры Медет Нұрғалиев. – Солайша Қытайдың мәдениеті мен ежелгі тарихына тереңірек үңілуге мүмкіндік берді». Медет Нұрмолдаұлы ҚХР өкілдеріне  жәдігерлерді музей-қорыққа қайтарымсыз бергендері үшін алғысын білдірді. Ол жәдігерлер Солжағалық кешеннің «Жібек жолы» саябағындағы қытай павильонына орналастырылып, мамыр айынан қараша айына дейін келушілердің көз қуанышы болмақ. Бұдан соң музей-қорық басшысы аталған көрме шеңберінде өткізілген «Қазақстан қытайлықтардың көзімен және Қытай қазақстандықтардың көзімен» атты конкурстың қорытындысын жариялады. Бес автор: қытайлық және қазақстандық фотографтар конкурс жүлдегері болып танылды. Бірінші орынды «Яншо», «Шәй» және  «Дуцзянъянь балалары» атты топтамалық фотожұмыстары үшін қазақстандық Дана Бөрімбаева иеленді.

Көрменің жабылу салтанатында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК-ның әншісі Қадырхан Манай әннен шашу шашты. ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы консулының орынбасары Мяо Хунбо Пікір кітабына «Қытай мен Қазақстанға мәңгілік достық тілеймін» деген  тілегін жазып, қалдырды. Екі ел арасындағы достық кепілі – әріптестік пен өзара түсіністік.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …