Наурыз – көктемнің алғашқы белгілері көрінетін, Жаңа жыл келетін тамаша кез. Наурыз мейрамын негізінен мұсылман мемлекеттерінде тойланса да, діни мейрамға жатпайды, себебі, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңаруы халққа жақсы әсерін тигізіп, асыға күткен мейрамды дүркірете тойлайды.
Осындай керемет Наурыз мейрамы 2019 жылдың 22 наурызында Достық үйінің алаңында "Азери" әзірбайжан этномәдени бірлестігі ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығымен бірлесе отырып, мұражай-қорықтың қорынан "ШҚО әзірбайжандарының мәдени мұрасы" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әзірбайжан ұлтын танытатын металл мен керамикадан жасалған ыдыстар қойылды: металдан жасалған пиалалары бар шәйнек, ваза, сатылы кяса, керамикадан жасалынған күлшеге арналған мөртаңба мен бөлмені жарықтандыруға арналған чыраг. Ағаштан, тері мен металдан жасалған музыкалық аспаптар: барабан, гавал, кяманча. Әзірбайжан тоқымашылығының қабырғаға ілінетін панно «ханада халча» - кілемшесі бар кәдесый станогы, шағын түксіз кілемше, кілем тәрізді матадан тігілген сөмке-конверт, жүн жіптен тігілген дастарқаны байлығын көрсетті. Әзірбайжан ұлтының киімдерін кәдесый қуыршақтарында болса, бас киімдері: папаха, тақиялар көрмеге қойылды. «Әзірбайжан» мен «Әзірбайжанның сәулет ескерткіштері» панно-кәдесыйлары халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін танытып тұрғандай болды.
Көрме барысында қала тұрғындары мен қонақтары мұражай жәдігерлерінің қасында суреттерге түсіп, әзірбайжан ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне қатысты қызықтырған сұрақтарына мұражай қызметкерлерінен толық қанды жауап алып, би билеп, әзірбайжан ұлтының палауымен тәттілерінен дәм татып тарқасты.
Разиева А.С. - аз санды халықтар этнографиясы мен
этнотоптар бөлімінің қызметкері
< Предыдущая | Следующая > |
---|