• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Қазақстандағы Ғашықтар күні. 2019

Қазақстандағы Ғашықтар күні. 2019

14 сәуір күні «Жастар» саябағында Қазақстандағы Ғашықтар күніне арналған мереке аталып өтті. Келушілер «Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған мерекеде қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысып, концертті тамашалады.

«Ғашықтар күні» ұлттық мерекесі Қазақстанда 2011 жылдан бастап аталып өтуде. Мереке  XIII-XIV ғасырлардағы бозбала мен бойжеткеннің қайғылы, пәк махаббатын баяндайтын қазақтың  лиро - эпостық жырының басты қаһармандары Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға арналған.  «Халықтық және сәндік-қолданбалы  өнер» бөлімінің меңгерушісі Райса Мұхамеджанова айтқандай, саябақтағы мереке Жастар жылы аясында өтті.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жәрмеңкеге түрлі өнімдер әкелді.    Олар – қайың қабығы мен шпоннан жасалған бұйымдар, балшықтан жасалған ысқыруықтар, қолдан жасалған сабын, әшекейлер, матадан тігілген тұмарлар, тоқылған бұйымдар және қуыршақтар. Аталған мереке барысында қолөнер шебері Вера Карпуцина қоғамен тоқу бойынша шеберлік класын жүргізді.  Орталық алаңда MMDance студиясынан келген балалардың концерті өтті.      Олар саябаққа келген барлық келушілерді  қуантып, би билеп, ән шырқады.

Мерекелік іс-шара барысында лотерея өткізілді, оған жүлделерді барлық  жәрмеңкеге қатысушы - қолөнершілер берді. Отбасымен мерекеге келген Өскемен қаласының тұрғыны Елена Герасимова концерттің ұнағанын және жәрмеңкеде тамаша кәдесыйлар сатып алғанын, сондай-ақ, Қазақстандағы Ғашықтар күніне қатысты жаңа  мәліметтер  алғанын айтып өтті. Қызы концертке қатысқан Азамат Такжанов демалыстың тамаша өткендігін айтып, мұндай мерекелерді ұйымдастыратын музей-қорығына алғысын білдірді.

 

Музей қорығының баспасөз қызметі

Суретті түсірген Сергей Суров

 

 
 
 
 
 
 
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …