• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Жастар» саябағында Рабиндранат Тагорды еске алу салтанаты болды. 2019

«Жастар» саябағында Рабиндранат Тагорды еске алу салтанаты болды. 2019

7 мамырда үндінің атақты жазушысы, ақыны және қоғам қайраткері Рабиндранат Тагордың туғанына 158 жыл толды. Сол күні «Жастар» саябағындағы ескерткіш жанында үнді халқының даңқты ұлын, Нобель сыйлығының иегерін еске алуға Үндістанның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі, полковник Милан Налаваденің басшылығымен келген үнділік делегация болды.

Үндістан Республикасы Ұлттық кадет корпусының екі офицері мен кадеттерінен тұратын үнділік делегация Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен жасалған әріптестік туралы меморандум шеңберінде Өскеменде болды. Университеттегі әскери кафедраның бастығы Олег Манцуровтың айтуына қарағанда, аталған меморандум 2015 жылдан бері жұмыс істейді, ШҚМТУ студенттері Үндістанға барса, кадеттер біздің қалада болып жүр.

Рабиндранат Тагорға қойылған ескерткіш жанындағы салтанат музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Оған ШҚМТУ-дың әскери кафедрасының студенттері де қатысты. Онда Үндістанның Ұлттық кадет корпусынан келген делегацияның жетекшісі, полковник Шириш Пандей кіріспе сөз сөйледі. Ол Үндістанның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Милан Налавадемен бірге  Р. Тагордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Үнділік жазушыға қойылған ескерткішті сәулетші Гаутам Пал   Нью-Дели қаласында жасағанын еске сала кеткен жөн. Ол Өскемен қаласына Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі Кеңесі арқылы сыйға тартылып, 2009 жылы «Жастар» саябағына қойылған болатын. Музей-қорықта жыл сайын Рабиндранат Тагорға арналған оқулар өткізіліп тұрады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …