9 мамыр күні музей-қорықта Ашық есік күні өтті. Әскери кешендегі Солжағалық саябаққа қонақтар ерекше көп келді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, Солжағалық саябақ аумағында орналасқан музей-қорықтың барлық залдары тегін жұмыс істеді. Қала тұрғындары мен қонақтары саябақтағы әскери кешенде өткен 1938-1970 жылдар үлгісіндегі әскери техникалар көрсетіліміне ерекше қызығушылық танытты. Әрине, кешен павильондарының бірінде орналасқан «Өмір үшін өлімге бас тіккендер» экспозициясы келушілердің назарынан тыс қалмады. Ол соғыс жылдарында шайқасқа қатысқан шығысқазақстандық Кеңес Одағының 109 батырына арналған. Бұл жерде тақырыптық турлар өтті.
Сол күні «Ертіс концерт» КМҚК-ның «Байжігіт» қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті Солжағалық кешеннің келушілерін өз өнерлерімен қуантты. 9 мамырға арналған оркестрдің концерті этноауыл жанындағы сахнада өтті.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Предыдущая | Следующая > |
---|