21 мамырда Солжағалық кешеннің бас сахнасында №5 орта мектептің нөлінші сынып бүлдіршіндерінің бірінші сыныпқа көшуі атап өтілді. Олар Солжағалық кешендегі Этноауылдың қызметкерлері дайындаған «Дос жарты жолда қалдырмайды» атты театрландырылған ойын-конкурстық бағдарламаға қатысты.
Солжағалық кешендегі Этноауылдың әдіскері Ольга Савельева мен кешен қызметкері Надежда Глушкова балаларға нағыз мереке жасап берді. Сөйте тұра олардың тек көңілін ғана аулап қоймай, олардың бойларына «жақсылық, мейірім, мәңгілік» сезімдерін сіңіруге тырысты. Балалар болса тәртіп сақтау мен гүл өсіруге қатысты өз білетіндерін көрсетті, құстардың үнін тыңдады, бал араларына айналып, бал жинады. Сонымен қатар достарын ешқашан да жарты жолда қалдырмау керектігін жадыларына түйді. Оған О.М. Савельева сомдаған доктор Айболиттің бағдарламасы өте-мөте сәйкес келді. Бүлдіршіндерге барлық жағдайда көмекке келген аталған мерекеге қатысушылар – осы мектептің 4-ші сынып оқушылары болғаны ерекше еді.
Мерекенің көңілді өтуіне таңнан бастап жауған жаңбыр да кедергі жасай алған жоқ. Сахнада қойылған орындықтар балаларды табиғаттың тосын жағдайынан сенімді түрде қорғады. «Біз аталған мерекеге жауынға қарамастан келдік, өйткені, балалар бұл мерекеге ерекше дайындалды және асыға күтті, - дейді мектеп тәрбиешісі Лариса Студенкова. – Біз музей-қорықтағы іс-шараға осымен екінші мәрте қатысып отырмыз. Іс-шара бәріміздің көңілімізден шықты. Бұл жерде нағыз шығармашыл адамдар жұмыс істейді!»
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Предыдущая | Следующая > |
---|