• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Рухани қазына-2019» республикалық байқауындағы жеңіс. 2019

«Рухани қазына-2019» республикалық байқауындағы жеңіс. 2019

19 мамырдан 22 мамырға дейін Қазақстанның елордасында мәдениет және өнер қызметкерлерінің  «Рухани қазына-2019» атты ІІ фестивалі өтті. Музей қызметінің қызметкерлері арасында «Облыстық маңызы бар мемлекеттік музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша музей-қорықтағы ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Карибаева жеңімпаз атанды.

Фестиваль Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - мәдениет саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді қолдау және ынталандыру, мәдени және бос уақытты өткізудегі тәжірибе алмасу, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибесін тарату, аймақтық мәдени ұйымдардың имиджін нығайту. Іс-шара барысында «Рухани қазына-2019» республикалық байқауының қорытындысы мемлекеттік музейлер, мемлекеттік кітапханалар, сарайлар мен мәдениет үйлері, сондай-ақ осы мекемелердің қызметкерлері арасында шығарылды. «Облыстық маңызы бар мемлекеттік музейдің үздік қызметкері» номинациясын музей-қорықтағы ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Карибаева жеңіп алды. Шынар Мерсаликқызы айтқандай, осы номинация бойынша Қазақстанның әртүрлі музейлерінен 13 қызметкер қатысты. Міндетіміз – портфолиомен таныстырып, инновациялық жобалар туралы айтып беру болды.     Биыл «Орыс музейі: виртуалды бөлім» ақпараттық - білім беру орталығының музей-қорық базасында ашылғанына 12 жыл толады.  Өскеменде Санкт-Петербургтегі Ресей музейінің виртуалды филиалы  Ресейдегі және шетелдегі мәдениет және білім беру мекемелеріндегі 213 өкілдіктің бірі болса, Қазақстан бойынша жалғыз филиал.   Осы уақыт ішінде виртуалды музейге мыңдаған қонақтар келді. Олар: мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және  зейнеткерлер. Жыл сайын осы жобаның ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінгі күні виртуалды музей қорында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының көркем мәдениетінің мұрасы туралы және Қазақстан Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласының негізгі бөлімдері туралы баяндайтын бейнеэкскурсиялар мен бағдарламалар бар.    Шинар Карибаева өз сөзінде: «Орыс музейі - виртуалды филиал» халықаралық жобасы – бұл әртүрлі санатты тұрғындардың музей ісіне кеңінен қатысу мүмкіндігі, яғни, іскерлік және ғылыми байланыстар орнату, жалпы мәдени-ағартушылық жұмыстарды жетілдіру. Технология қазір алға жылжып барады, ал біз заман ағымымен жылжимыз» - еді. Шынар Карибаеваның жеңісі – музей-қорығының жеңісі. Барлық фестивальдің іс-шаралары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтті. «Рухани қазына-2019» фестиваліне Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 300-ге жуық адам қатысты. Олар үшін шеберлік дәрістері, тренинг-семинарлар өткізіліп, Ұлттық музей мен Бейбітшілік және келісім музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Шынар Карибаева алған барлық дағдылары мен білімдерін келушілермен жұмыс істеу барысында  қолданады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Сергей Суров

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …