• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Тарих естеліктерін есте сақтау үшін..2019

Тарих естеліктерін есте сақтау үшін..2019

31 мамыр күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандары: зерттеулер мен еске алулар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку қатысты.

Гүлжан Кашакудың «Қайым Мұхамедханов – алаштың соңғы тұяғы» атты баяндамасы жерлесіміз, абайтанушы һәм шәкәрімтанушы, ақын, драматург, педагог Қайым Мұхамедхановқа (1916-2004 жж.) арналды. Қайым Мұхамедханов Семей қаласының Заречная слобода шағын ауданында (қазіргі Семей қаласының Жаңа Семей ауданы) дүниеге келген, Н.К. Крупская атындағы (1937-1941) Семей педагогикалық институтында оқыған Қ. Мұхамедхановтың отбасы қуғын-сүргін кезінде зардап шекті.  Оның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлов алашорданың мүшесі болған, 1937 жылдың қараша айында тұтқындалып, 2 желтоқсанға қараған түні атылған. Ол өлгеннен кейін  ақталды. 

М. Сейітқұловтың үйінде Абай мен оның шәкірттері, Шәкәрім, белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен баспагерлер жиі болып тұратын. Қайым 6 жасқа келгенде Мұхтар Әуезовты алғаш рет көреді. Қайымның әкесі тұтқындалған соң оны педагогикалық институттан шығарып жіберді, Ол осы кезеңде Мұхтар Әуезовтен үлкен қамқорлық көрді, осылайша Мұхтар Қайымның өмір бойы тәлімгері әрі ұстазы болды.

Қайым кейіннен Мұхтар Әуезовтың кеңесімен Абайдың, оның ұлдары мен шәкірттерінің өмір жолы мен шығармашылығын зерттеуге кірісіп, өлкені зерттеумен, материалдарды және жоғала бастаған қолжазбалар мен библиографиялық сирек дүниелерді жинастырумен айналыса бастайды. Қуғын-сүргіннің  сүргісі Қ. Мұхамедхановты да айналып өткен жоқ. Ол 1951 жылы М. Әуезовтың ғылыми жетекшілігімен «Абайдың әдеби мектебі» атты кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін халық жауы деп танылып, 25 жылға (айыптау құжаты  13 парақтан тұрды) бас бостандығынан айырылады, одан, атап айтқанда, Карлагтан мерзімін толық өтегеннен кейін ғана оралды.

Одан кейін ол әдеби-зерттеу қызметін әрі қарай жалғастырды. Өз елінің  белгілі абайтанушысы қатарында Алматыдағы «Абай» (1995 ж.) атты академиялық қазақ энциклопедиясының басылымына ғылыми кеңесші ретінде шақырылды. Қайым Мұхамедханов көзі тірісінде республикалық «Абай» журналының құрметті  редколлегия мүшесі, Семейде өтетін барлық әдеби конференциялардың, фестивальдар мен пікірталастардың тұрақты мүшесі болды.

Ол дүниеден озғаннан кейін, 2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және қызы Дина Мұхамедханның жетекшілік етуімен танымал жазушы әрі абайтанушының шығармашылық мұрасын сақтап, зерттеу мақсатында «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» құрылды. Музей-қорық жазушының балаларынан сыйлық ретінде оның 65-тен астам бұйымын, атап айтқанда, қолжазбаларын, кітаптарын, құжаттарын, суреттері мен мемориалдық заттарын алды.

Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алуға арналған республикалық конференция, онда жасалған баяндамалар мен еске алулар конференцияға қатысқан барлық адамның, университет студенттерінің өзінің Отаны мен халқының өткен тарихын ұмытпауына жол ашып, дәнекер болғаны анық.

 

  Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

  Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …