Жаз шықты, онымен бірге оқушылардың каникулы басталып, мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы қыза түсті. Осыған байланысты музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің шаруасы да еселене түсті. Олар балалардың Солжағалық кешендегі «Ертегі елі» атты ойын-көрме кешенінде төменгі мектеп жасындағы балалармен ойын-танымдық іс-шаралар өткізуде.
«Жаз, күн шуағы және жүз қиял». 4 маусым күні №8 орта мектептің нөліншіден үшінші сыныпқа дейінгі оқушыларымен ұйымдастырылған екі сайқымазақ пен жүргізушінің қойылымы осылай деп аталды. Балаларға ойын түріндегі викториналарға жауап беріп, жұмбақтарды шешу, сондай-ақ, арқан тарту мен орындықта отырып, би билеу ұсынылды. Балалардың аталған ойындарды қаншалықты беріле ойнағандарын көрудің өзі ғанибет еді.
«Біз музей-қорықпен тығыз жұмыс істейміз, - дейді №8 мектептің тәрбиешісі Кенжегүл Сайлаубекова. – мұндай әріптестікке өте ризамыз. Біздің балалар саябаққа жиі барады, музейдің павильондарын аралайды. Ал ол болса балалар үшін өзіндік бір демалыс, сонымен қатар олар бұл арамен етене таныса жүріп, көптеген жаңа дүниелерді танып-біледі».
Жалпы, Балалар қалашығы – балалардың белсенді демалуына барлық жағдай жасалған нағыз көңілді мекен. Бұл жерде әртүрлі жастағы балаларға арналып шағын ойын формалары жасалған. Ал бірінші қабаттағы ағаш Бекіністе сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі орын тепкен.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|