• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Сабантой да келіп жетті. 2019

Сабантой да келіп жетті. 2019

8 маусым күні  музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этноаулда татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой атап өтілді. Жүргізушілер қонақтарды үш тілде: татар, қазақ және орыс тілдерінде қарсы алды. Концертке әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.


 

Сабантой көктемгі дала жұмыстарының табысты аяқталуы және құнарлылық, береке-бірлік және амандықтың мерекесі. Татардың «сабан» сөзі – соқа, ал «той» сөзі – мереке деп аударылады. Сондықтан «Сабантой» соқа мерекесін білдіреді. Мереке басталмас бұрын этноауылдағы татар қонысына  барып, татар халқының өмірімен танысу мүмкіндігі болды. Музей-қорықтың халықтар және азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құмарова экскурсия жүргізді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова этноауылдағы сахна алдында жиналған барлық көрермендерді мерекенің басталуымен құттықтады. Ол 20 мыңға жуық татарлардың тағдыры Шығыс Қазақстанмен байланысты екенін айтып өтті. Біздің аймақта 105-тен астам этникалық топ өздерінің ұлттық мерекелерін тойлайды: «Сабантой - бұл еңбек, үміт пен достықтың мерекесі», - деді Әсем Бекқызы. Татарстан этномәдени бірлестігінің төрағасы Сергей Файзов Татарстан президенті Рустам Миннихановтың құттықтауын оқыды. Өскемендегі Ресей Федерациясы Бас консулдығының өкілі Алексей Юршин барлығын мерекемен құттықтады. Облыстық татар этникалық бірлестігі «Арабески», «Ақ ниет», «Барвинок», «Орыс әні», «Атамұра» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырды. Концертке Казаннан келген қонақ, әнші Альбина Маклакова қатысты.
Сондай-ақ, үлкен спорттық бағдарлама дайындалды. Бағдарламада  ұлттық «Татар күресі», армрестлинг, гирь көтеру болды. Ал жасөспірімдер арқан тартысып, басқа қызықты да, көңілді ойындарға қатыса алды.
«Этноауыл - Сабантой өткізу үшін тамаша орын». Мерекені өткізуге көмектескен музей-қорығы әкімшілігі мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін - деді татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Сергей Файзов. 

 

 

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

Суретті түсірген Сергей Суров

 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …