Облыстың мемлекеттік қызметкерлері кәсіби мерекелерін тойлады. Салтанат 21 маусым күні музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі бас сахнада өтті.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы барлық мемлекеттік қызметкерді құттықтады. Олардың бәріне де телегей табыс, таусылмайтығ күш-қуат және Қазақстан халқына қызмет етуде сарқылмас жігер тіледі. Мемаппараттың ант қабылдау үшін сахна төріне көтерілген жас қызметкерлеріне қызметтік куәліктер табыс етілді. «Мемлекет қызметкері болып еңбек ету әр адамнан байсалды білімді, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді». Салтанатты мерекені жүргізушілердің мұндай сөзімен келіспеу мүмкін емес еді. Мемлекеттік қызметтің алға басуына айтарлықтай үлес қосқан және өз міндеттерін атқаруда ерекше істерімен танылған облыстың мемлекеттік қызметкерлері марапат көрді. Сонымен қатар ШҚО мемлекеттік қызметкерлері арасында әр жыл сайын өтіп келе жатқан спартакиадаға қатысушы ұжымдар да марапатталды.
Мерекенің биік деңгейде өтуіне ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК-нің әншілері мен ұжымы ерекше атсалысты. Көрермендер алдында «Инкоро» вокалдық тобы, «Lirio» дуеті, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач, «Злато» ансамблі, «Жастар» хореографиялық тобы және басқа да әншілер мен ұжымдар өнер көрсетті.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|