• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары 2019 жылдың 27 шілдесі күні ШҚО, Алтай (бұрынғы Зырян) ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінің туристері үшін ежелгі Ақбауыр ғибадатханасына экскурсия болды. 2019

2019 жылдың 27 шілдесі күні ШҚО, Алтай (бұрынғы Зырян) ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінің туристері үшін ежелгі Ақбауыр ғибадатханасына экскурсия болды. 2019

Экскурсия барысында қонақтар аталған орынның геологиялық ерекшеліктерімен және рельефімен, пайдалы қазбаларымен, Ақбауыр орналасқан Қалба тауының өсімдік және жануарлар әлемімен танысты, Қоржынбай тауының беткейіндегі археологиялық ескерткіштерді, атап айтқанда,  б.д.д. V-III  мың жыл бұрынғы жартастарға салынған суреттерді, жартастардың бетіне ойып салынып, қола дәуірінен және ертеректегі темір ғасырынан қалған гранит қаңқаларды аралап көрді.

Сондай-ақ, олар ерте заманның адамдары рельефті пайдалана отырып, Күнді, Айды және басқа да астрономиялық нысандарды қалай бақылағаны, көктем мен күз мезгіліндегі айдың толысуын, жаз бен қыс кезіндегі күннің тұтылуын қалай байқағаны, күнтізбе жасап, маусымдық-күнтізбелік ғұрыптар мен салт-жораларды қалай өткізгені туралы әңгімелер тыңдады. Қонақтар сонымен қатар сақ тайпалары мекен еткен орынды археологиялық тұрғыдан аршу жұмыстарын және ол жерлерде археологтардың қалай жұмыс істейтінін көріп, сақтардың  бірегей мәдениетінен хабардар болды.

 

 
 
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …