Жамбыл атындағы саябақта қалалықтар – балалар, жастар және үлкендер үшін жайлы демалыс сыйлауға бағытталған шаруалар жалғасын табуда.
Ендігі жерде мұнда ағаштардың арасын кезіп, жүре бермей немесе орындықтарда отыра бермей, спортпен шұғылдануға да мүмкіндік мол. Алаңқайдың бетон қабырғаларына воркаутпен, атап айтқанда, көше гимнастикасымен айналысуға арналған баптамалар (тренажерлар) орнатылған. Алаңқай түрлі спортпен айналысуға болатын топтамаларының көптігімен таңғалдырады. Оны қала жастары да бағалауда. Саябақта қосымша орындықтар да көбейе түскен, мұның өзі зейнеткерлер үшін нағыз демалыс орны болады деп күтілуде.
Көркі көз сүріндіретін гүлдер отырғызылған себеттер (вазондар) да жайғасып үлгерген. Ал балалар алаңы қосымша жарықтандырылатын болады. Жарықтандыру бекітімдері қойылған. Бұл мақсат үшін алаң жанынан шұңқыр қазуға тура келген, дегенмен оның өзі уақытша ғана еді, ол қазірде бетондалып тасталған.
Саябақтың ортасында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне арналған орын әзірленуде. Оның авторлары – алматылық белгілі мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. Қазір олар ескерткішті дайындаумен айналысуда. Ескерткіш 2019 жылғы қыркүйек айының соңына қарай орнатылады деп жоспарлануда. Тура сол кезге қарай саябақтың абаттандырылуы да аяқталады деп күтіліп отыр.
Жүргізіліп жатқан ағымдағы жаңғыру жұмыстарына қарамастан, саябақ жабылмақ емес. «Мұның тіпті қажеті де жоқ, - дейді саябаққа үнемі келіп жүретін зейнеткер Майра Мұзафарова. – Атқарылып жатқан жұмыстар бізге еш кедергі етпейді, біз айналамыздың бәрі құлпырып келе жатқанына куә болып келеміз. Жамбыл саябағы үшін барлығына рахмет!».
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.