2 қазанда қарттар күнін мерекелеу аясында музей-қорықта солжағалық кешенде ашық есік күні өтті. Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тапсырысы бойынша экскурсия өтті.
Қарттар пойызбен сапарларын бастады. Қарттарды кешеннің көрікті жерлерімен музей-қорықтың экскурсиялық қызмет көрсету секторының экскурсия жүргізушісі Надежда Левен таныстырды. XIX ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстанда тұратын халықтар орналасқан этно-ауылда саяхат жалғасты. Содан кейін зейнеткерлер хайуанаттар бағында болды. «Үлбі» қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ үйдегі әлеуметтік қызметтер бөлімінің меңгерушісі Гүлбақыт Қахарманова «Бізге бәрі өте ұнады, экскурсия да, таза ауадағы серуен де. Бұл жер өте әдемі!» - деп жалпы әсерін білдірді. Саяхат соңында саябақ кешеніндегі жаппада «Үлбі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұйымдастырған шай үстелі болды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Алексей Мазницыннің суреті
< Предыдущая | Следующая > |
---|