Сирек кітаптар бөлімінің қызметкері Әсел Қаршалова 42-ші мектептің ең кішкентай оқушыларымен бірге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына экскурсия жасады. Экскурсия Солжағалық кешеннің «Абай және оның шәкірті Т. Көбдіков» атты стационарлық көрме орналасқан Кіші павильонында болды. Экскурсия аталған мектеп әкімшілігінің өтінімі бойынша өткізілді. Әсел Қаршалова экскурсияны өткізу барысында балалардың жас мөлшерін де ескере білді. Өйткені, олар мектептің мектепалды дайындық сыныбының оқушылары еді. Әңгіме соңында балалар Болат Исиннің Абай туындылары тақырыбына салған картиналар репродукциясы бойынша мозаика құрастырды.
Ұлы Абай жайлы экскурсия қазақ ақынының һәм ойшылының келесі, 2020 жылы аталып өтілетін 175 жылдығына дайындық болып табылады. «Балалардың кішкентай жастан бастап-ақ Абайға қызығатыны қуантады, - дейді сирек кітаптар бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку. – Мектептегілер аталған тақырыпты балалардың өздері қалап алғанын айтты».
Солжағалық кешеннің Кіші павильоны қараша айының алғашқы күндеріне дейін жұмыс істеп, одан кейін қысқы кезеңге жабылады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|