• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Конструктор Михаил Калашниковтың отанында болып қайтты. 2019

Конструктор Михаил Калашниковтың отанында болып қайтты. 2019

10 қаращада музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері орыс дәстүрлі мәдениетінің «Бастеньки»  ансамблімен бірге атыс қаруын жасау жөніндегі орыс және кеңес конструкторы,  әлемге әйгілі Калашников автоматын жасаушы Михаил Калашниковтың (1919 – 2013 жж.) туғанына 100 жыл толған   мерейтойына арналған салтанатқа қатысып қайтты.  Салтанат атақты қарушының туған жері – Алтай өлкесінің Курья селосында өтті. Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылдың 10  қарашасында дүниеге келген. Ол өзінің ең алғашқы өнертабысын  әскер қатарында жүргенде жасады. 1941 жылы ауыр жараланып,    госпитальда жатқан кезде оған өз қолымен автомат жасау идеясы келеді, Ол автомат арада біраз жыл өткен соң, 1947 жылы таныстырылды.

- Біз өткен жылы Курья селосында құрылған казак әндерінің «Сполох» ансамблімен танысқан едік, – дейді бөлім меңгерушісі  Александр Яковлев. – Ансамбль Өскемендегі Достық үйінде болған «На Николу Зимнего» атты казак мерекесіне қатысқан болатын. Сол жолы біз  алдағы уақытта атақты конструктордың 100 жылдығына арналып өткізілетін іс-шараға қатысу жайлы сөз қозғаған едік. Сөйтіп, Алтай өлкесі, Курья ауданының басшысы А.А.Купин аталған мереге қатысуға шақырту жіберіпті.

Сондай-ақ, биыл Курья ауданына 95 және бүгінде ауданның әкімшілік орталығы болып саналатын Курья селосына 270 жыл толып отыр. Аталған оқиғаларға арналған концерттік бағдарламалар мәдениет және өнер сарайында өтті. Олар аталған  салтанатқа дейін Знамения шіркеуі мен  М.Т. Калашников атындағы мемориалдық музейде болды. Александр Яковлев музей-қорық атынан Курья ауданының әкімшілігіне «Әлемге ашық музей» атты кітапты тарту етті.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Александр Яковлев.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …