Музей-қорық 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алуға дайындалуда. 25 қараша күні сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты фестивальда қазақтың ұлттық шығармашылығы бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Ол Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық Достық үйінде өтті. Көрмеге Семей қаласынан келген шеберлер Айман Боқпасарова мен Сәкен Назархан, ұландық шебер Сайлан Мұкаметбек қатысты. Онда сырмақтар, төсеніш-кілемдер, ағаштан жасалған ыдыстар, «біз кесте» мәнерінде кестелене тігілген майлықтар, жастық тыстары мен көрпешелер қойылды. СҚӨ бөлімінің меңгерушісі Райса Мұхамеджанова музей-қорық қорынан алынған ағаш тақтайшаларды, киіз бен фетрден жасалған бұйымдар мен басқа да заттарды қойды.
26 қарашада ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледжінің студенттерімен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Алып елдің Президенті» атты іс-шара өткізді. Оны ұйымдастырушылар Марина Борисенко мен Айгүл Нұрмұхамбетова Қазақстанның тарихы мен Тұңғыш Президенттің өмірбаяны және егемен мемлекеттің қалыптасуы жайлы қызықты деректер келтіре отырып, тартымды әңгіме өрбітті. Дәріс барысында теледидардың үлкен экранынан Қазақстанның Тұңғыш Президентімен жүргізілген сұқбаттан бейне кадрлар, сондай-ақ, республикамыздың астанасы жайлы бейнеайналма көрсетілді.
Осы күні музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратында Өскемен қаласындағы № 20 орта мектептің 9-шы сынып оқушылары болды. СҚӨ бөлімінің ғылыми қызметкері Жадыра Рахатова олармен «Елбасы елiмiздiң жарқың айнасы» тақырыбында дәріс-экскурсия өткізді. Студенттермен және оқушылармен кездесулер жалғасуда.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.