2019 жылдың 28 қарашасы күні Алтай қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің өлкетану залында «Алтайдың орыс сүлгілері» атты көшпелі көрме ашылды. Оны ұйымдастырушылар – музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері. Қөрмеде музей-қорық қорынан алынған жәдігерлер қойылды, оның ішінде орыстың 50 дәстүрлі орамалы бар. Олардағы өрнектердің саналуандығы таңдай қақтырады. Орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлевтің айтуына қарағанда, сүлгілердегі өрнектер мейірімділік күші мен амандық сыйлап, адамды жамандықтардан қорғайтын болған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалалық сән үрдісінің әсерінен шаруа кестесінде айқаспа техникасында орындалған жұмыстар кеңінен тарайды. Біздің аймақтағы өрнектердің негізгі түрлері – мәңгілік қозғалыс символы болып саналатын свастика мен ромб. Көрмеде орын тепкен сүлгілердегі ескілікті өрнектер арасында «сабынды өрнектер» делініп кеткендері де бар. Олар «Товарищество Брокар и Ко» атты фирма шығаратын дәретхана қағазының орамаларынан көшіріліп алынған. Ресей жерінде ХХ ғасырдың басында танымал болған бұл фирма жарнама мақсатында сүлгілерде кеңінен пайдаланылатын сабынға арналған орамалардың орыс мәнеріндегі айқаспа кестесінің схемасын басатын болған.
Көрме музейаралық ұзақ мерзімдік әріптестік шеңберінде өтуде. Ол 2020 жылғы ақпан айының соңына дейін созылады және осы уақыт ішінде аталған өлкетану залына келушілер Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тұрғындарының этнографиялық мұрасымен таныса алады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Предыдущая | Следующая > |
---|