Әртүрлі елдің Мыстан кемпірлері семинарға келдік деп ойлаған, ал шын мәнісінде олар балалардың музей-қорықтағы жаңажылдық мерекесіне тап болды. Бұдан не шықты? Ол – музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің төменгі сынып оқушыларына арнап, Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында өткізетін «Жаңа жыл алдындағы ғажайыптар» атты тартымды қойылым. 23 желтоқсандағы алғашқы қойылымға ШҚО білім басқармасына қарасты «ШҚО арнайы мектеп-интернаты» КММ мен Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №34 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Жаңа Жылды балалармен бірге тек Мыстан кемпір ғана емес, Ақшақар да, жаңажылдық түн де, сонымен қатар Аяз Ата да қарсы алады. Жаңажылдық қойылымдарда көңілді хороводтар, билер және әзіл-қалжыңдар жетіп-артылады. Әрине, мұнда қойылым соңында жарқырап жанатын шамдары бар нағыз жаңажылдық шырша да орын тепкен. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Марина Владимировна Борисенконың айтуына қарағанда, мұндай ертеңгіліктердің басты мақсаты – балаларға жаңажылдық мереке сыйлау. Бұл көңіл-күй әрине, мерекені ұйымдастырушылар тарапынан жасалады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|